Мен үшін әлемде теңдесі жоқ көпұлтты елдің Елбасы миссиясын жалғастыра отырып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығында осы елдің бүкіл халық сайлаған Президенті болу үлкен мәртебе»,- деді бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рәсімінде Қазақстан халқына Ант беріп, жаңа президенттік мерзімге қайта кіріскеннен кейін сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Осы сайлауда маған сеніп, шын мәнінде өздерінің қолдауларын көрсеткен азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Бұл біздің Қазақстан сияқты сәтімен дамып отырған мемлекетті құру жолындағы ортақ еңбегіміздің ең жоғары бағасы. Мен еліміздің шын досы болып табылатын әлемнің барлық аймағындағы елдерге алғысымды білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент сөзінде Ресей, Қытай елдерінің және ТМД-ға мүше мемлекеттердің және Еуропалық Одақ елдері мен өзге де бірқатар мемлекеттердің басшыларынан құттықтау алғандығын айтты. «Мұндай құттықтаулар әлі де болса келіп түсуде. Мен олардың барлығына да ризамын. Өйткені бұл тек қазақстандықтардың қалауына ғана емес, біздің стратегиялық бағытымызға көрсетілген шын мәніндегі қолдау. Құттықтаулар еліміздің де түкпір-түкпірінен келіп жатыр. Мен өзімнің отандастарыма жылы лебіздері мен ақ көңілдері үшін алғыс айтамын. Олар маған не тілесе, мен де оларға соны тілеймін»,-деді Н.Назарбаев.