Қазақстанның атынан аталған жарысқа 18 спортшы қатысып, оның 12-і жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, Иван Партала әлем чемпионы атанса, Шәміл Ермағамбетов, Шыңғысхан Ыбрай, Хусеин Абдулаев, Рымбек Сейітбек, Бауыржан Мұхамедәли, Давид Исаков пен Рахат Биназар күміс медальға қол жеткізді. Ал қола жүлдеге Ердана Ертуғанов, Александр Цариков, Нұрсұлтан Аюпов пен Дмитрий Комар ие болды.
Қазақстан құрамасының сәтті өнеріне тайландық жаттықтырушылары өткізген Кох Самуй аралындағы 18 күндік оқу-жаттығу сеп болып отыр.
Сайыс барысында қазақстандық спортшыларға ресейлік және тайландтық өкілдер едәуір қарсылық көрсеткен. Чемпионатқа барлығы 79 елден мыңға тарта спортшы қатысқан.