Көктемнің алғашқы айы Қазақстан азаматтары үшін мерекеге толы. 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамы демалыс күніне сәйкес келіп отыр, тиісінше, қазақстандықтар 8-10 наурыз аралығында демалатын болады. Наурыз мерекесі де демалыс күніне түсіп тұр. Осылайша ҚР азаматтарының көктемгі каникулы күн мен айдың теңелген күні 21-25 наурыз аралығына созылады.
Еске сала кетейік, 2013 жылы қазақстандықтар наурызда 13 күн демалған. Қазақстан Республикасында мерекелік күндер жұмыс күніне жатпайды. Мерекелік күндер демалыс күндеріне сәйкес келген жағдайда, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып белгіленеді.