Қазақстандықтар несие алуды көбейтті - Несие бюросы
Спикердің айтуынша, соңғы 3 жылда несие портфелінің сомасы 5 трлн теңгеден асты.
«Несие алу бойынша белсенділік 30 пункттен асты. Бұл несие нарығы жанданғандығын білдіреді. 2017 жылы Екінші деңгейлі банктер арқылы берілген несие көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 40%-ға артты. Банктер 2,1 трлн теңге көлемінде несие берді. Шағын қаржылық ұйымдардың да несие беру көрсеткіші 71%-ға артты», - деді Руслан Омаров.
Бірінші несие бюросының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда қазір 5 млн адам несие алған.
8,8 млн несие шартына қол қойылған.
Тұтынушылардың 49,7%-ы тұрмыстық мақсатта, 24,8%-ы ипотека, 18,3%-ы кепіл қою арқылы тұтынушылық несие алған.
«Қазақстандықтар несиені не үшін алады. Көбінесе несие карталарын пайдалану 95%-ға өскен. 2017 жылы карта арқылы 80 млрд теңгеден аса несие берілген. Екінші орында ипотекалық несие тұр. Бұл сектор 2016 жылмен салыстырғанда 57,8% өскен. 2017 жылы 1,4 трлн теңге көлемінде кепілсіз экспресс-несие берілген. Ал кепілдік несие мен автокредит бойынша белсенділік байқалмайды», - деді Руслан Омаров.