UNIST құрамына 9 ғылыми-техникалық мектеп, бизнес-мектеп және жалпы ғылыми-зерттеу бөлімі (DGS) кіреді. Сонымен қатар, бірнеше мамандандырылған жоғары кәсіби мектептер мен ғылыми орталықтар бар. UNIST-та курстар 100% ағылшын тілінде оқытылады.
Грант келесіні қамтиды:
- тегін білім алу
- ай сайын стипендия
Бакалаврлар үшін $ 300, магистранттар үшін $ 750, докторанттарға $ 1000
- тегін медициналық сақтандыру
1 тамыздан бастап 2019 жылдың көктемгі-күзгі семестріне құжаттарды қабылдау ашылды.
Кандидаттар онлайн тәртібінде тіркеліп, құжаттарды пошта арқылы жіберу керек.
Онлайн тіркелу: 2018 жылдың 1 тамызынан 24 тамызына дейін
Құжаттарды қабылдау: 2018 жылдың 1 тамызынан 24 тамызына дейін (поштамен немесе үміткер өзі келіп тапсыру қажет)
Нәтижелер туралы хабарландыру: 4 желтоқсан 2018 жыл
Қажетті құжаттар:
- Құжаттар тізімі
- Өтініш беру
- Алдыңғы білім туралы ақпарат
- Өзіңіз және оқу жоспары туралы эссе
- Ұсыныс хат (қол қойылған және мөрмен бекітілген)
- Қаржылық ресурстар туралы есеп
- Академиялық ақпараттарды растау туралы хат
- Мектептің соңғы 3 жылдағы бағаларымен транскрипт (көшірме)
- Орта білім туралы куәлік (көшірме)
- TOEFL, IELTS, TEPS, TOEIC сертификаты (көшірме немесе түпнұсқа)
- Кандидаттың паспортының көшірмесі (көшірмесі)
- Ата-аналардың паспорттарының көшірмелері (көшірмесі)
- Мүмкін болса, марапаттар мен сертификаттар (5-ке дейін) (көшірме)
- ҰБТ сертификаты (бар болған жағдайда)
- Ресми пәндік тестілеу сертификаттары: IB, SAT, AP, ACT, AICE және т.б.
*Барлық көшірмелер нотариалды расталуы тиіс. Құжаттарды нотариус ағылшын тіліне аудару керек. Өтінімдердің формалары, ұсыныс хаттар мен эсселерді https://adm-u.intl.unist.ac.kr/ сайтынан көшіріп алуға болады.
Барлық құжаттар мен құжаттар тізімін келесі мекен-жайға жіберуге болады:
UNIST Admissions Team
Room # 105 Main Administration Building (201)
50 UNIST-gil, Eonyang-eup, Ulju-gun, Ulsan 44919, Republic of Korea