Қазақстандықтар «Оскар-2014» кино сыйлығы лауреаттарының марапаттау көрсетілімін тамашалайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Хабар» телеарнасында ағымдағы жылдың 3 наурызында 22.30 кезінде әлемдегі ең беделді кино сыйлығы - «Оскар-2014» лауреаттарының ресми марапаттау рәсімінің қазақстандық теленұсқасының эксклюзивті көрсетілімін тамашалайды.

Осымен екінші рет «Оскар» шарасын американдық актриса, күлдіргі және тележүргізуші Эллен Дедженерес жүргізеді.

Марапаттау трансляциясына Қазақстанда танымал және беделді жүргізушілер Роман Райфельд пен Қалдыбек Жаңсаңбай түсініктеме береді. «Оскар-2014» ресми марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте жексенбі күні кешке, яғни Астана уақыты бойынша таңертең ерте болады. Сол себепті Азия және Шығыс-Еуропа телеарналары бұл шараны тікелей эфирден емес, түсіріліп алынған жазба арқылы көрсетеді. «Хабар» телеарнасының көрермендері марапаттау рәсімінің есте қаларлық қызықты әрі маңызды сәттерінен фотосессияны, ойын-сауық бағдарламасын, сонымен бірге лауреаттарды жариялаудағы тартымды сәттерді тамашалайды.