Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді.
«Әділ әрі ашық өткен балама Президент сайлауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев электораттың басым көпшілігінің дауысына ие болып, айқын жеңіске жетті. Бұл біздің мемлекетіміздегі тарихи маңызды оқиға. Қазақстандықтар өз болашағын тек Елбасының есімімен байланыстыратын тарихи таңдау жасады. Халықтың бұл таңдауы Қазақстанды бүкіл әлем мойындайтын озық елдер қатарына қосуға өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатқан Мемлекет басшысына деген зор сенімнің айғағы. Келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономиканы дамытуға және әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған стратегияны халық еш күмәнсіз қолдады. Президент Н. Назарбаевтың дана басшылығымен қазақстандықтардың талай ұрпағы мақтан ететін тамаша жетістіктерге жетуге сенім мол. Елбасының жеңісі еліміздің жемісі құтты болсын»,-деді жиынды ашып сөйлеген Қ. Тоқаев.