Қазақстандықтар өз елінің болашағына немқұрайлы қарамайды - Ғ. Есім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар өз елінің болашағына немқұрайлы қарамайды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астанадағы №89 сайлау учаскесінде сұхбат берген академик, жазушы Ғарифолла Есім мәлімдеді.

«Бүгін мен бірнеше сайлау учаскесіне барып қайттым. Мені таңқалдырғаны, сайлаушылардың саны өте көп. Осы учаскеде ұзын-сонар кезек, халық мемлекетті басқаруға қатысқысы келеді. Бұл олар өз елінің ертеңіне немқұрайлы қарамайтынын білдіреді. Бүгін миллиондаған қазақстандықтар дұрыс таңдауын жасады деп ойлаймын. Мен отбасыммен бірге өз таңдауымды жасадым», - деп атап өтті Ғ. Есім.