«Өздеріңіз байқағандай, бізде долларсыздану процесі айтарлықтай сәтті өтті», - деді Т. Сүлейменов Үкімет отырысынан кейін тілшілерге.
Оның сөзіне қарағанда, бұған өзіндік өндіріс үлесінің артуы себеп болды.
«Біріншіден, біз өзіміздің өндірісті өсірдік. Әсіресе, азық-түлік тауарлары бойынша ілгерілеу болғандықтан, валюта бағамына тәуелді емеспіз», - деді министр.
Ведомство басшысының атап өтуінше, ең маңыздысы, қазақстандықтар долларға тәуелділік құрсауынан босап келеді.
«Ең бастысы, өнім құнын теңгемен есептеп отырған бизнесмендердің және біздің күш-жігерімізге орай долларсыздану іске асты. Атап айтқанда, барлық ірі заттарды, яғни автокөлікті, пәтерді және басқа да құнды заттарды теңгемен өлшеп жатырмыз», - деді Ұлттық экономика министрі.
Сондай-ақ Тимур Сүлейменов инфляциямен күрес жайында баяндап берді.
Сонымен қатар ол Қазақстанда қант бағасының маусымдық қымбаттауына қатысты түсінік берді.