Пара биден Әлем чемпионаты 29 қарашамен 1 желтоқсан аралығында Германиядағы Бонн қаласында өтті. Оған 26 мемлекеттен 225 спортшы қатысты. Ал Қазақстанның намысын19 адам қорғап, оның 4-і жүлдегерлер қатарынан көрінді.
1. Ардак Оторбаев пен Айдана Бегленова – 3-орын (Combi Freestyle 1)
2. Ермек Калымбетов пен Кульшум Аталыкова – 3- орын (Combi Freestyle)
3. Ардак Оторбаев – 3-орын (Men’s Single Class 1)
4. Ардак Оторбаев пен Карлыгаш Сасембаева – 3-орын (Duo Class 1)
Еске салсақ, 2017 жылы Қарлығаш Сарсембаева пара биден Әлем чемпионатында (Бельгия) 1-орын алып, Қазақстаннан тұңғыш чемпион атанды. 2018 жылы Ардақ Оторбаев пен Айдана Бегленова пара биден Әлем кубогында (Словакия) 1-орын иеленген еді.