Жарыстың ашылу рәсімі 15 ақпанда Маскат қаласындағы The Wave ауданында өтті. Дүйсенбіде қатысушы он бір команда Сохар кемежайынан Дубай, Әбу-Даби (БАӘ), Доха (Катар) және Манама (Бахрейн) бағыттары бойынша шығады.
Желкенді спорт бойынша «Sailing Arabia the Tour» халықаралық турнирі ірі жарыстардың бірі, оған Оман, БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Бахрейн, Швейцария, Нидерланды және Франциядан командалар қатысуда.
Сохар теңіз колледжі командасы мүшелерінің қатарында қазақстандықтар: Кирилл Самараев, Наурызбек Бекпембетов, Олжас Қаппасов пен Азамат Назкеев бар.