Қазақстандықтар пәтерін заңды түрде жалға беріп отыр ма
«Салық органдары пәтерді жалға берушілерді тексере алмайды, өйткені мораторий бар. Дегенмен аталған жайтты ішкі істер министрлігімен бірлесіп бақылап отырмыз. Аталған ведомство бізге елге келген шетел азаматтары туралы мәліметті ұсынады. Бүгінде тұрғын үйді жалға беретін 5 109 жылжымайтын мүлік иесі анықталды. Оның ішінде 2317 меншік иесі пәтерін шетел азаматтарына жалға беріп отыр. Пәтерді жалға беру бойынша 4457 меншік иесіне бақылау орнатылған. Оның 1410-ы салық төлейді, 1331 меншік иесі пәтерін туыстары мен достарына жалға берген. Сонымен қатар 1716 пәтерін жалға беруші азамат салық органдарында тіркелмеген», - деді Данияр Жанәлінов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін комитет басшысы 39 мың мемлекеттік қызметшінің кіріс пен жеке мүлік туралы декларацияны тапсырмағанын айтқан еді.