Қазақстандықтар Президент Әкімшілігіне қандай мәселелермен келеді
«Өңірлер бойынша қаралған өтініштердің саны жөнінен Нұр-Сұлтан алда келе жатыр. Елордадан 36 өтініш келген. Алматы қаласынан 9 өтініштен, ал қалған облыстардан 1-3 өтініштен түскен» делінген Қоғамдық қабылдаудың Telegram каналында.
Белгілі болғандай, адамдар көбінесе жергілікті атқарушы органдардың (27), сот қызметінің (16), құқық қорғау органдарының және Еңбек министрлігінің (7-ден), сондай-ақ, Ұлттық банктің, Денсаулық сақтау және әділет министрліктерінің (7-ден) жұмыстарына қатысты сұрақтар бойынша жүгінген.
«Сондай-ақ, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы әкімдіктерінің өкілдерімен селектрлік байланыс орнатылды. Үндеулердің басым көпшілігі Президент Әкімшілігінің қатаң бақылауына алынды», - деп мәлім етті Қоғамдық қабылдау.
Автор: Ақбота Күзекбай