Қазақстандықтар Ресейдің бес қаласында дауыс берді

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетов кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жексенбі күні Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің жанындағы №265 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Айта кетейік, Мәскеудегі сайлау учаскесінен тыс, Қазақстанның Ресей аумағындағы дипломатиялық өкілдіктерінің жанында тағы төрт сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар: Санкт-Петербург (№290 сайлау учаскесі), Астрахан (№291), Омбы (№292) және Қазан (№301) қалаларында.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, РФ аумағында 1 600-ден астам қазақстандық дауыс беруі мүмкін.