Қазақстандықтар сайлау қорытындысын оң бағалап отыр - сауалнама

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Биыл 15 қаңтарда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау өткені мәлім.

Осыған байланысты 25-31 қаңтар аралығында Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты сайлаудан кейін Қазақстан жұртшылығының көңіл-күйін зерттеу бойынша экспресс-сауалнама жүргізді.

Бұл сауалнамада 1 мың 200 респондет қатысып, онда барлық облыстар мен Астана және Алматы қалалары қамтылды.  

Осы сауалнама барысында респондеттердің 20,5 пайызы сайлау комиссиясының жұмысын жақсы бағалады, 19 пайызы сайлау үдерісінің ашықтығын атаған, ал 11,1 пайызы БАҚ-да саяси партиялардың жұмысы жақсы көрсетілгенін жеткізді. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың 10,1 пайызы үшін саяси партиялар ұсынған бағдарламалардың жан-жақтылығы есте қалған.

Жалпы олардың көпшілігі сайлау компаниясын оң бағалап отыр. «Парламент сайлауының қорытындысын қолдайсыз ба?», деген сауалған респонденттердің 80,7 пайызы оң жауап қайтарды.

Бұдан бөлек, Парламент Мәжілісіне 3 партияның енуін қатысушылардың 79,5 пайызы қолдап отыр.