«Сайлауға дайындық деңгейі өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Теледидарда, интернет-сайттарда барлық кандидаттардың пікірлері кеңінен берілуде», деп мәлімдеді ол.
Оның пікірінше, Қазақстандағы сайлау өте жоғары деңгейде өтуде. «Тыңғылықты дайындықпен жоспарланған жұмыстың нәтижесі бірден байқалады. Халық сайлау өткізу үрдісін тиісті деңгейде меңгерген. Сайлау учаскелерінде халықпен тілдесіп үлгердік, олар сайлауға аса жауапкершілікпен қарайтындықтарын, Қазақстанның тұрақтылығы мен экономикалық дамуы үшін - біреудің өтінішімен емес, өз жүрек қалауымен дауыс беріп жатқандықтарын жеткізді», - деп түсіндірді Латвиядан келген бақылаушы.