«Менде азаматтар үшін сайлау тақырыбындағы қызықты пікірталастарға қатысу мүмкіндігін құру идеясы туындады. Қазіргі кезде сайттағы барлық талқылауларды пайдаланушылардың өздері құрып отыр. Одан басқа, пайдаланушылар жаңалықтарды, өздерінің мақалалары мен ойларын орналастыра алады», - деп баяндады блоггер әрі сайтты құрушы Бауыржан Сәдиев.
Сайт авторының айтуынша, ресурс барлық әлеуметтік желілермен ықпалдастырылған, бұл пайдаланушылар үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
Естеріңізге сала кетейік, блоггер Бауыржан Сәдиев президенттік сайлауға арналған сайт құрды. Коммерциялық болып табылмайтын мемлекеттік емес сайт election2015.kz. электрондық мекенжайында орналасқан.
Б.Сәдиевтің атап өтуінше, сайт сайлауалды науқан, сайлаудың өзіне «шенеуніктер немесе партиялық белсенділердің күшімен емес, тікелей ел азаматтарының күшімен» назар аударту үшін құрылды.
Сайтта бірнеше қызмет, соның ішінде түрлі сайлауалды тақырыптарға - «Кандидаттарды талқылау», «Сайлаушылардың тізімдері», «Ең белсенді облыс» және тағы басқалары арналған чаттар бар.
Сондай-ақ сайтта «Пайдаланушылардың жаңалықтары» бөлімі бар: бұл жерде кез келген азамат қызықты жаңалық орналастырып, оны басқалармен бөлісе алады. Арнайы әлеуметтік бөлімде Твиттерде сайлауалды хэштегтермен біріктірілген барлық жаңалықтар көрсетіледі, деп атап өтті сайтты құрушы.