Қазақстандықтар шай ішуден әлемде алдыңғы топтың ішінде келе жатыр
09:19, 21 Наурыз 2013
АЛМАТЫ. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда жан басына шаққанда шай тұтыну көлемі жылына 1,45 келіні құрайды.
Бұл туралы кеше Алматыда Үндістанның Индустрия және сауда министрлігінің жанындағы Шай кеңесінің БАҚ-тар үшін ұйымдастырған пресс-ланч барысында айтылды.
"Жылдық тұтыну көлемі 24,5 млн. келіні құрайтын Қазақстан шай ішу жағынан ТМД аумағында ең алдыңғы орында, ал әлемде үздіктер шоғырында келе жатыр. Мұнда қара шайдың танымалдығы өте жоғары. Оның үлесі 94 пайызды құрайды. Ал көк шайды тұтыну 3,5 пайыз, өзге шайлар 2,4 пайыз шамасында болып отыр", - дейді "Ти Хаус" ЖШС-нің директоры Владимир Кириченко. Оның айтуынша, Қазақстан нарығындағы үнді шайларының үлесі 40 пайызды құрайды. Қазақстан әлемде шай өндіру жағынан екінші орында келе жатқан үнді елінің Ресейден кейінгі екінші басты серіктесі болып отыр.