Қазақстандықтар шекарада $100 мыңға дейінгі ақшасына декларация толтырмайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың ақпанынан бастап Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің азаматтары шекарадан 100 мың АҚШ долларынан (балама) көп мөлшерде ақша алып өтетін болса, кеденшілерге ол ақшаның қайдан алғанын растайтын құжаттарын көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЕЭК (Еуразия экономикалық комиссиясы – авт)Алқасы жеке тұлғалар шекарадан эквиваленті 100 мың АҚШ долларынан асатын ақшаалып өтерде оны қайдан алғанын растайтын құжаттарын көрсететіні туралы қаулықабылдады», - делінген комиссияның мәлімдемесінде.

Шешім биыл 6 тамызда қабылданған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ЕЭК шешімКомиссияның сайтында жарияланғаннан кейін 180 күнтізбелік күннен кейін күшінеенетінін мәлімдеген. Ал оның жарияланған күні – 7 тамыз.

Айта кетейік, ЕАЭО-ның қолданыстағы Кеденкодексіне сәйкес, кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларациясынұсынған күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша 10 мың АҚШ долларынабалама сомадан асатын қолма қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін одақтыңкедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе одақтың кедендік аумағынан біруақытта әкету кезіндегі қолма қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендікдекларациялауға жатады (ЕАЭО КК 160-бабы, 1-бөлігінің 7) тармағы). Кодекс 2018жылғы 1 қаңтарда күшіне енген.

ЕАЭО-ға қатысушы-мемлекеттер: Армения Республикасы,Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы.


Авторы Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар