«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін www.adilet.gov.kz сайтында жеке және заңды тұлғаларға сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға уақытша тыйым салуының бар-жоғын тексеруін сұрайды», - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.