«ҚР Жоғарғы Сотының және облыстық соттар сайтының бірыңғай тұғырнамасы, жүйеленген интуитивтік-түсінікті құрылымы, сондай-ақ бөлімдер бойынша ыңғайлы навигациясы бар, мұның бәрі азаматтарға ҚР Жоғарғы Сотының, республиканың облыстық, қалалық және аудандық соттарының тағайындалған істерінің кестелерімен танысуға мүмкіндік береді», - делінеді хабарламада.
Бұған қоса, тұрақты толықтырылып отыратын бөлімде сайтты пайдаланушылар соттар қарайтын істердің түрлері бойынша ғана емес, сондай-ақ жеке сот сатылары бойынша да мәліметті біле алады.
Осы серверді пайдалана отырып, іске қатысатын адамдар тағайындалған сот тыңдауының уақыты мен күнін, отырыс залдарын жылдам білу мүмкіндігіне ие болады.
«Осындай бөлімнің құрылуы сот жүйесі қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде, азаматтар құқықтарының, бостандықтары мен мүдделерінің қажетті деңгейде қорғалуына ықпал етеді», - деп жазады ведомство.