Атап айтқанда, 2014 жылы халықтың орташа жан басына шаққанда тұтынылған сүт өнімдері 225,6 келіні құраған болатын. Ал осы кезеңде тұтынылған балық және теңіз өнімдері 11-11,3 келі аралығында болды.
«Есепті кезеңде қалалық және ауылдық жерлердегі халықтың тамақ өнімдерінің негізгі түрлерін тұтынуын салыстырғанда ең жоғары саралану жұмыртқаны, нан және жарма өнімдерін, жемістерді тұтыну бойынша байқалады. Сонымен қатар, ең төмен және ең жоғары табыстары бойынша халықтың децильдік топтарында тамақ өнімдерін тұтыну бойынша айтарлықтай алшақтық сақталуда. Бұл ретте ең жоғары саралану балықты және теңіз өнімдерін, жемістерді, ет және ет өнімдерін тұтыну бойынша байқалады», - делінген баспасөз баянында.