Қазақстандықтар таңдаған көліктердің ондығы қандай

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан автобизнес қауымдастығы қазақстандықтардың шілдеде ең көп таңдаған көліктердің ондығын жариялады, де хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың шілде айындаеліміздегі автокөлік нарығы сенімді түрде өсімін жалғастырды. Бұған ең алдымендилерлердің үздік брендтерді елге әкелуі себеп болып отыр. Шілдеде жаңаавтокөліктердің сатылымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11 пайызғаөсті. Қазақстандық дилерлер өткен айда 6 183 жеңіл автокөлік және жеңілкоммерциялық техника, 854 дана ауыр жүк көлігін, техника мен автобусты сатыпүлгерді. 2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша отандық нарық өткен жылменсалыстырғанда 21 пайызға – 39 115 сатылған автокөлікке артты», - делінгенқауымдастықтың хабарламасында.

Шілдеде сатылған жеңілавтокөліктердің көшін Toyota (1 425 автокөлік, өткен айдан қарағанда 16 пайызғаартық) маркасы бастап тұр. Ал жеті айдың ішінде аталмыш марка бойынша 8 066дана көлік (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға артық)сатылған. Екінші орынды сатылған 1 417 көлігімен Lada жалғастырды. Жеті айдаLada маркалы 8 758 дана көлік сатылған (+23%). Hyundai дилерлері де қарқынынбәсеңдетпей шілдеде 1 384 автокөлік (+2%) сатып үлгерген көрінеді. Ал жылбасынан бері қазақстандықтар аталмыш маркалы 7 394 (+81%) көлік сатып алған.

Одан кейінгі орындарға Ravon(325 көлік, +50%), Kia (245 көлік, +33%), Renault (244 көлік, (+12%), Nissan(192, -23%), Skoda (168, +121%), Lexus (139, +2% ) және Jac (126, +29%)маркалары жайғасқан.

Ал модельдер бойынша шілдеайында ең көп сатылған көліктердің тізімі мынадай: Toyota Camry – 622, LadaGranta - 433, Lada Vesta – 423, Hyundai Tucson – 411, Hyundai Elantra - 341,Lada 4x4 - 323), Ravon Nexia R3 - 315, Hyundai Creta – 266, Hyundai Accent –259, Toyota Corolla - 240.

Соңғы жаңалықтар