«Дауыс сапасы смартфондағы интернеттің сапасына байланысты. Viber қосымшасында екі сөйлесушінің де 3G немесе WiFi сапасы жақсы болуы шарт, біздің қосымшаға тек бір сөйлесушінің интернет байланысының сапасы жақсы болса болды», - дейді жасақтаушылардың бірі Қайрат Ахметов.
Оның айтуынша, қосымшада байланс сапасын көрсетіп тұрады. Пайдаланушылар оның деңгейін анықтап, өзіне қажетті сапаны реттей алады. Қосымша арқылы интернеттің 32 кбит/с жылдамдығының өзінде GSM негізінде қоңырау шалғанмен бірдей сапада сөйлесуге болады.