Ғаламтор арқылы хабар тарату ары қарай дамығанда Қазақстанда көрермендер сүйікті хабарларын өздеріне қолайлы уақытта көре алады. Бұл туралы ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.
«Пайдаланушылардың қолайлығы үшін 24 арнаны бір сайтқа, бір мобильді нұсқаға біріктірдік. Жақын арада «кейін көру» функциясын қоспақпыз. Сөйтіп сіздер сүйікті бағдарламаларыңызды қалаған уақытта көре аласыздар. Осы функцияның көмегімен арна эфирін 24 сағатқа артқа айналдыруға болады», - деді агенттік басшысы.
Ағымдағы жылы 2 шілдеде Индустриализация күні аясында жаңа «Қазақстан Республикасының ғаламтор арқылы ұлттық хабар тарату» және «Телегазет» жобалары іске қосылды. Олар отандық сандық теле-радио хабар таратуды дамыту мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ көрсететін қызмет аясының кеңеюі шеңберінде дайындалды.