«Мен «Нұр Отан» партиясының 17-ші съезіне шақырылған қонақтардың қатарында болдым. Әрине, біздің Президетіміз, Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөздерінен зор шабыт алдым», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл сайлау барысында еліміздің алдағы 5 жылдағы таңдары айқындалатын болады. Жалпы, Қазақстан халқы тұрақты, тыныш әрі гүлденген мемлекетте өмір сүргенді қалайды.
«Біз Қазақстанға бейбітшілік пен келісім тілейміз. 21 ғасырда біздің еліміз мығымдылықтың сынынан өтетін болады. Біздің барлығымызда еліміздің қайта түрленуі жолындағы үлкн жұмыстар күтіп тұр. Президентіміз алдымызға әлемнің жетекші 30 елінің қатарына кіру сынды үлкен стратегиялық мақсат жүктеді. Нақты жоспарларымыз, «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді стратегиямыз, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламамыз, 5 тағдыршешті реформамыз және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымыз бар», - деді Г.Өтепова.