Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Башқұртстан (РФ) және Татарстан (РФ) Түркия астанасында онкүндік дайындық кезеңін өткізіп, Македония астанасы Скопьеде балқандық турне алғашқы концертін берді.
ТҮРІКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов концертті аша отырып, тыңдаушылардың назарын оркестр ұжымының бірегейлігіне аударды.
«Біз ТҮРІКСОЙ жастар камералық оркестрін 2010 жылы құрдық. Мақсатымыз әлемдік қоғамдастыққа классикалық музыканың әмбебап тілі арқылы түркітілдес халықтардың музыкалық мәдениетінің әлеуетін көрсету. Біз музыканы ортақ мәдениетіміздің елшісі еттік. Оркестр музыканттарды түркі елдерінің консерваторияларынан дарынды студенттер арасынан таңдайды. Бұл жас музыканттар 50-ден астам концерт берген. Екі альбом жазды. Жеті жыл толған оркестр әр елдерде өтіп жатқан фестивальдарға қатысуға шақырту алып жатады. Түрік әлемінің жас музыканттары үшін ТҮРІКСОЙ кәсіби мансаптың маңызды баспалдағына айналды», - деді Д. Қасейінов.
ТҮРІКСОЙ Еуразия түркітілдес халықтары арасындағы бауырлас өзара іс-қимылды нығайту мақсатында құрылған мәдениет пен өнердің халықаралық ұйымы, оның қызметі өскелең ұрпаққа ортақ тіл, мәдениет, өнер, дәстүрді зерделеуге, сақтауға, көрсетуге бағытталған.