«Бәрі де біздің мемлекеттегі және бізбен серіктес елдегі эпидемиологиялық аухалға байланысты. Бүгінгі таңда 10 тамыздан бастап Түркияға әуе рейсін жандандыру мәселесі пысықталып жатыр», - деді Дастан Рысбеков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Тайланд пен Грузияға әуе рейстері ашылуы мүмкін екені мәлімделген.
Сондай-ақ Дастан Рысбеков Алакөл мен Бурабайға демалуға баратын отбасының кем дегенде бір мүшесінде ПТР-тест анықтамасы болуы керектігін еске салған еді.
Оның айтуынша, Қазақстандағы барлық курорттық орындарда осы жылдың жазғы туристік маусымының соңына дейін бос орындар қалмаған.