Маусымның басты матчы Польшаның Гданьск қаласындағы «Энерга Гданьск» стадионында өтеді. Ойынға Клеман Турпен бастаған француздықтар төрелік жасайды.
Айта кетерлігі, жеңіске жеткен команда 2022 жылғы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алатын болады.
Ойынды бүгін түнгі сағат 00:50-де «Qazaqstan» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Жартылай финалда «Манчестер Юнайтед» Италияның «Рома» командасынан,
Ал «Вильярреал» ағылшынның «Арсенал» командасынан басым түскен еді.