Форумға Ресей, Бразилия, Үндістан, Қытай, ОАР, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ Оңтүстік Кореядан 20-35 жас аралығындағы жас көшбасшылар келді, деп хабарлады ТАСС.
26-29 шілдеде Уфада өтетін форум алаңы мазмұны БРИКС (business (бизнес), R - responsible (жауапкершілік), i - innovation (инновация), C - cooperation (ынтымақтастық), S - science (ғылым) аббревиатурасына сәйкес келетін бес бағыт бойынша жұмыс істейтін болады. БРИКС және ШЫҰ елдерінің жас көшбасшылары «Достастыққа мүше елдердегі жастар қызметі саласындағы жалпы ақпараттық кеңістікті қалыптастыру» мәселелерін қарайды.