«Бүгінгі таңда заңды және жеке тұлғалар контейнерлер мен контейнерлік алаңдардың маңына үлкен көлемдегі қоқыстарды (жиһаз, сантехника, құрылыс материалдары) жиі тастайды. Оларды қоқыс таситын көлікке тиеу мүмкін емес, мысалы, шкаф немесе диванды. Осыған байланысты мұндай қалдықтардың иелері оларды қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына өздері шығаруы керек. Тиісті норма ережеге қосылады», - делінген жаңа редакцияда.
Қоса кетсек, бұған дейін Қазақстанда жыл сайын қордаланатын 2 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықты биогаз өндіру үшін пайдалануға болатынын жазып едік.