Оған Ресей мен Қазақстанды да қосуға ниетті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС "Экономик таймс" газетіне сілтеме жасап.
«Тағы да 40 елдің тұрғындары ұшып келгеннен кейін виза алу рұқсатына қатысты ұсыныс таяу арада шындыққа айналатын түрі бар. Өйткені, сәйкесінше мақұлдау жақында ішкі істер министрлігінен алынады деп күтілуде», - деп мәлім етті елдің жоспарлау министрі Раджив Шукла.
Мемлекеттердің тізімін кеңейту туралы ұсыныс ішкі істер министрлігіне өткен жылдың қазанында Үндістанның жоспарлау комиссия тарабынан жіберілген болатын. Ресей мен Қазақстаннан бөлек ұшып келгеннен кейін визаны бразилиялықтар, американдықтар, британдықтар, канадалықтар, автриялықтар мен немістер ала алады. Үндістанда мұндай келісім Жапония, Финляндия, Сингапур, Индонезия, Люксембург, Жаңа Зеландия, Камбоджа, Вьетнам, Филиппин, Лаос, Мьянма елдерімен жолға қойылған.
Өткен жылы Үндістанға шетелден 6,58 млн. турист сапар жасады. Яғни, саяхатшылар саны 2011 жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға өскен.