«Әуе кемесінің бортындағы тәртіп біздің ережелермен регламенттелген. Кез келген тәртіп бұзушылық жол берілмейтін әрекет ретінде қарастырылады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, ұшақ бортында қазақстандықтар тарапынан ереже бұзу оқиғалары жиі кездеспейді.
«Біздегі рейстер санының артуына қарамастан, өткен жылы әкімшілік жауапкершілікке қатысты екі-үш оқиға тіркелді. Сол кезде әуе кемесі бортында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бұл адамдар жауапкершілікке тартылды», - деді Роман Скляр.
Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны және Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны өзгертетін Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.