Қазақстандықтар үшін CoronaVac вакцинасы қолжетімді
«Қазақстанға CoronaVac вакцинасының 500 мың дозасы жеткізілді. Бүгінде ол барлық өңірде қолжетімді. Осы аптада барлық өңірде CoronaVac вакцинасын егу басталды. Қазірдің өзінде бүкіл елімізде CoronaVac-пен шамамен 15 мың адам екпе алды», - деді комитет төрайымы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Сонымен қатар ол CoronaVac вакцинасының басқа вакциналардан қандай айырмашылығы бар екендігін айтты.
«Ол QazVac, Hayat Vac сынды инактивтелген вакцина саналады. Инактивтелген вирус қолданылады. Егер вакцинаны сақтау температурасы туралы айтар болсақ, ол + 2-8 градус. Вакцина екі дозалы. Дозаларды егу аралығы 14-тен 28 күнге дейін. Яғни, CoronaVac вакцинасын салдырсаңыздар, онда екінші дозаны 2-ден 4 аптаға дейін аралықта аласыздар», - деді Айжан Есмағамбетова.