«Қазақстандықтар үшін танымал әрі сенімді ақпарат көздері қайсы деген мәселеге келер болсақ, онда Internews in Kazakhstan деректерінің статистикасын мысал ретінде айтсақ болады. Қазақстандықтардың басым бөлігі теледидарға сенеді – 58,1 пайыз, екінші орында – интернет сайттар (34,3 пайыз). Бұқараның жартысынан көбі мемлекеттік медиаға сенеді – 51,4 пайыз, тек 9,6 пайызы жеке адамдарға сенеді», - деді министр.
Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында министрлік БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
«2020 жылдан бастап ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл жоспар мемлекет пен медиа саласының жүйелі шешімдерін талап ететін БАҚ саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында әзірленді», - деді Асқар Омаров.