«Енгізілгелі отырған тағы бір жақсы жаңалық ұшуға шектеу қойылған жағдайда айыппұлды өтеу мәселесі болмақ. Бүгінгі күні азаматтар кедендік бақылаудан өту барысында оларға ұшуға шектеу қойылғандығы туралы ақпараттың беріліп жататындығын білеміз», - деп атап өтті ол.
Корпорация басшысының айтуынша, осы мәселені шешуге бағытталған жұмыстар бүгінгі күні жүргізіліп жатыр.
«Бүгінгі күні Әділет министрлігімен және «Қазпошта» АҚ-ымен бірлесіп, бұл мәселе талқыланды. Маусым айынан бастап азаматтар айыппұлдарды онлайн-режімде бірден төлеу мүмкіндігін алады және ұшуға қойылған шектеу бірден алынып тасталады. Бұл қызмет түрін Қазпошта осы жылдың маусым айынан бастап іске қосуды жоспарлап отыр», - деді Абылайхан Оспанов.