шаруашылығымен және жылжымайтын мүлікті жөндеу жұмыстарымен ғана айналыса алады. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Министрдің айтуынша, құжаттың мақсаты Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп-қонушылардың жекелеген санаттарын тарту тәртібін заңдастыру болып табылады. Көшіп келушілерге еліміздің жеке тұлғаларында жұмыс істегені үшін жеке табыс салығын төлеу ережелері реттеледі.
«Жеке тұлғаларға еңбек қызметін жүзеге асыруға шетелдік еңбек күшіне берілетін рұқсат елімізде 3 айға дейін визасыз болуға келісім жасалған шет ел азаматтарына берілетін болады. Осылайша, рұқсат 1 айдан 3 айға дейін беріліп, кейіннен ұзартылуы мүмкін. Осы санаттағы шетелдіктердің Қазақстанда үздіксіз болудың ең ұзақ уақыты бір жылды құрайды. Бұдан бөлек, жеке тұлғаларға еңбек етуге рұқсат беру тек еңбек қызметінің екі түріне ғана беріледі. Бұлар үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау, сондай-ақ жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерін жөндеу бойынша қызмет көрсету», - дейді Е. Досаев.
Министрдің сөзіне қарағанда, жеке тұлғаларға шетелдік еңбекшілердің қызметі үшін берілетін рұқсат тек жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлегенін дәлелдейтін құжат көрсетілген жағдайда ғана рәсімделеді.
Сонымен қатар, заң жобасында қазақстандық бір жеке тұлғада бір мезгілде саны бестен аспайтын шетелдік қызметкер жұмыс жасай алатыны да айтылады.