11 маусым күні басталған бұл додада өз тобында үздік шыққан Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко жұбы 1/8 финалда австралиялықтарға есе жіберді. Соның нәтижесінде 9-шы орын алып, рейтингтік қоржынын 400 ұпаймен толықтырды. Бұған дейін Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов дәрежелік 1-ші раундта итальяндықтарға ұтылып, 41-ші орын мен рейтингтік 80 ұпайды қанағат тұтқан болатын. Ал 2-ші раундта голландиялықтарға 1:2 есебімен жеңілген Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова 33-ші орынды иеленіп, өз қоржынына 160 ұпай қосқан еді.Енді олар 18-23 маусым күндері - Италияда, 1-6 шілдеде - Польшада болатын «Гранд Слэм» Әлемдік турының келесі кезеңдік жарыстарында бақ сынайтын болады.
09:36, 16 Маусым 2013
Қазақстандықтар жағажай волейболынан «Гранд Слэм» әлемдік турының Голландиядағы кезеңінде үздік ондыққа енді
АЛМАТЫ. 16 маусым. ҚазАқпарат - Голландияның Гаага қаласында жағажай волейболынан «Гранд Слэм» әлемдік турының «The Hague Grand Slam» кезеңдік жарысы өтіп жатыр.