«Алдағы жылдың қаңтар айында «Жүз ән» деп аталатын тағы бір жобаны бастау жоспарланып отыр. Осы шоу аясында Қазақстанның 100 үздік әні таңдалып алынады», - деп жазыпты өзінің жеке блогында республиканың Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев.
«Егер сіздерде қызықты идеялар, телебағдарламалардың ерекше тұжырымдамалары болса, біз оларды қарастырып, мемлекеттік телерналарда жүзеге асыруға дайынбыз», - деп үндеу жариялапты министрлік басшысы өз блогында.