«Елімізде етке деген сұраныс та, өндіріс те артып келеді. Бірінші жартыжылдықта үй шаруашылығындағы ет тұтыну көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 2,6% артып, жан басына 19,5 келіден келді. Оның өзінде ауылдағы халықтың жан басына шаққанда 20,9 келі, ауылдағы халықтың жан басына шаққанда 18,5 келі ет тұтынылған. Қаңтар-маусым аралығында жан басына шаққанда 12 келі сиыр еті, 3,2 келі жылқы еті және 2,6 келі қой еті келген. Шошқа етін тұтыну көлемі жан басына шаққанда 1,7 келіден болған», - деп жазылған сараптамада.
Ресурстың мәліметі бойынша, ет бағасы бір айда 0,6%-дан 1,8% дейін, бір жылда 7%-дан 15% дейін қымбаттаған.
Айлық межемен алғанда сиырдың сүйекті еті 1,8%, шошқа еті 1,5%, жылқы еті 1,3% қымбаттаған. Тек қой еті ғана салыстырмалы түрде баяу қымбаттап жатыр – 0,6%.
Жылдық межемен алғанда бәрінен де жылқы еті көп қымбаттаған – 15%.
Қой мен шошқа еті 12,7%, сиыр еті 7% қымбаттады.
«Қыркүйек айында Қазақстан қалаларында сиырдың сүйекті етінің бір келісі орта есеппен 2387 теңге, қой еті 2660 теңге, шошқа еті 2033 теңге,жылқы еті 2932 теңге болды», - деп жазады Energyprom.kz.