Қазақстанның азаматтық альянсының директоры Ильдар Катеновтiң атап өткенiндей, сауалнаманың негiзiнде сұралған адамдардың 47 пайызы полиция қызметкерлерi жемқорлыққа жиi барады деп көрсеткен.
Сонымен қатар, білім беру - 31, денсаулық сақтау 29 пайыз көрсеткiшпен парақорлық өрістеген органдар деп танылды.
«Билiк органдарына пара беруге тура келген жағдайлар болды ма?» деген сауалға сауалнамаға қатысқан халықтың 47 пайызы «иә» деп жауап берген. Азаматтардың 60 пайызы парадан кейiн мәселе жылдам шешiлгенiн жеткiзген және жемқорлық мәселенi шешудiң тез әрi тиiмдi тәсiлi деп есептейдi», - дейдi И. Катенов.
«Жемқорлықтың басты себебi неде?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 47 пайызы мемлекеттiк қызметкерлердiң арам пиғылы мен сараңдығынан десе, 37 пайызы адамдардың менталитетi себеп деп көрсеткен. Ал 32 пайызы жемқорлық мемлекеттiк қызметкерлердiң кiрiстерi мен шығыстарын жеткiлiктi деңгейде қадағаламаудан орын алады деп ойлайды.
«Соның iшiнде Талдықорған тұрғындарының 72,7 пайызы, Көкшетау халқының 46 пайызы жемқорлыққа қарсы күрестiң тиiмдiлiгi төмен деп есептейдi», - деп атап өттi ол. Сауалнама барысында жемқорлық фактiлерi жиi ұшырасатын өңiрлер де белгiлi болды. Атырау, Тараз, Алматы, Астана, Талдықорған тұрғындары өз өңірлеріндегі жемқорлықтың деңгейін өте жоғары деп бағалап отыр.