Әр жыл сайын наурыз айының соңғы сенбісінде әлемнің миллиондаған халқы электр шамын бір сағатқа өшіреді. «Жер сағаты» - бұл табиғатқа деген қамқорлықтың белгісі, бiздiң ғаламшардағы жеткіліксіз қорларды үнемдеудегі алғышарт. Сонымен қатар адам баласы тарихындағы жаппай қоғамдық акция болып табылады.
«Бұл жылы аталған шара «Жер сағаты - бұл сағатқа қарағанда көбірек» ұранымен өтуде. Биыл тек шамды ғана сөндірмей, электр қуатын, суды үнемдеуді, автокөлікті сирек пайдаланып, макулатура мен тағы басқа қалдықтарды қайта өңдеуге тапсыру көтерілуде»,- дейді Қазақстандағы шараның үйлестірушісі, «Жасыл руханият» партиясының төрағасы Павел Коктышев.
Ғалымдардың пайымдауынша, 1961 мен 2003 жылдар аралығында ғаламшардың экожүйесіне адамзаттың ықпалынан экологиялық ақаулар бір жарым есеге ұлғайған. Егер қазіргі ұстанымдар сақталатын болса, 2050 жылы адамзатты электр қуатымен, сумен және азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін бізге басқа ғаламшар қажет болады екен. Бұл мәселелерді шешу үшін саяси, стратегиялық, технологиялық және тәжірибелік іспеттес деңгейде қарастыру керек. Сонымен бірге нақты нәтижеге жету барлығымыздың және жекелей әр адамның өмірінде не нәрсені болсын үнемшілдікпен тұтынуында жатыр.