Қазақстандықтар жолдың сапасын бағалайтын болады
«Біз еліміздегіжолдардың сапасын объективті түрде бағалауға болатын «Сапалы жол» атты жобалықкеңсе аштық. Бұл жобаға қоғамның әрбір белсенді азаматы қатыса алады. Осыарқылы азаматтық қоғаммен бірлесе отырып, жолдардың сапасын қадағалаумен қатаронда орын алуы мүмкін сыбайлық жемқорлықтың алдын алғымыз келеді. Яғни ендігіуақытта қазақстандықтар жолдың сапасына өз бағаларын бере алады. Оның ішінде өңірлікжолдармен қоса, республикалық маңызы бар жолдар да бар», - деді ҚР Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парасаттылық департаментінің директорыДанияр Сабырбаев агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.
Департаментбасшысының сөзіне сенсек, бүгінде жолдың сапасын қадағалап, бағалайтын мобильдіқосымша әзірленіп, тестілеуден өткізілуде.
«Алдағы қыркүйекайынан бастап, әрбір тұрғын жолда келе жатып оның сапасына өзіндік бағасын береалады. Барлық ұялы телефонда акселератор бар, ол сіздің жүрген қадамыңыздыесептейді. Сол сияқты біздің қосымша да арнайы жолдың сапасын анықтайтын арнайыдатчик бар. Сіз жолға шыққанда смартфонды көліктің панеліне қоясыз. Егер жолжақсы болса, телефоныңыз қозғалмайды. Ал жол тегіс емес немесе шұңқыр болсатиісінше вибрация береді. Тасжол қаншалықты шұңқырға толы болса, тиісіншевибрация да жиі болады. Жолаушылардың берген бағасы сол сәтте publicbudget.kzсайтындағы деректер қорына жіберіледі», - деді ол.
Оның айтуынша, өзкезегінде жолдың сапасын бағалау жобасын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы қолдапотыр.