Қазақстандықтар жұлынған бәйшешек үшін ірі көлемде айыппұл төлейді

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Әр көктем сайын қазақстандықтар өздеріне айыппұл салынатынын білместен, даладан, немесе тау беткейлерінен бәйшешек жинайды.

 Бұл туралы «Жаңа хабаршы - Қарағанды» басылымына облыста ормаг шаруашылығын және ерекше қорғалатын табиғаттың аумақтарын бақылау және реттеу бөлімінің басшысы Виктор Михайлов мәлім етті, деп жазады tengrinews.kz сайты.

Бәйшешектермен қатар басқа да өсімдіктірді заңсыз жинап, құртып немесе оларға зақым келтіргені үшін жеке тұлғалар 5-тен 10-ға дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1 АЕК = 1618 теңге) айыппұл төлейтін болады. Заңды тұлғалар үшін айыппұлдың мөлшері одан да көп»,  - дейді шенеунік.