Арандатушылық видеоны жариялаған кейбір Telegram-арналардың хабарлауынша, видео NEXTA арнасынан тараған. Онда бұл видео бар, бірақ оны «арандатушылар таратқан» деп жазылған .
Кейінірек арнада видеоның фейк екені айтылған тағы бір ақпарат шықты.
– Видеодағы адамдардың ҰҚШҰ әскерлеріне қатысы жоқ. Оны таратқан адамдардың қандай мақсаттарды көздегені белгісіз, – делінген мәтінде.
Видеодағы сарбаздың ҰҚШҰ күштерімен келгенін растау мүмкін емес. Кадрда кейіпкердің әскери қызметші екенін дәлелдей алатын ешқандай сәйкестендіру белгілері, қайда түсірілгені немесе басқа белгілер көрінбейді.
«Қазіргі уақытта видеоны толығымен тексеру мүмкін емес, бірақ оны манипуляция деп санауға болады. Сондай-ақ, видео желіде жарияланған кезде Қазақстанға бітімгерлердің келуі туралы деректер әлі болмағанын атап өткеніміз жөн», - делінген stopfake.kz мәліметінде.