«2009 жылдан бері мен Бундестаг депутаты болып табыламын. Сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия арасындағы әріптестік жөніндегі парламентаралық топтың мүшесімін. Орталық Азияда мемлекеттер барын білеміз, бірақ Қазақстан менің жүрегімде. Себебі мен осы елде сан рет болғанмын. Сайлау үдерістеріне қатыстым, бизнес делегациялармен де бірге келген болатынмын. Экономикалық қатынастар саласында да қызықты байланыстар орнаған. Әсіресе, Германияның солтүстік бөлігімен. Осы аймақ бойынша жұмысқа мен жетекшілік етемін. Мамырда біз Қазақстанға делегациялар әкелуді жоспарлаудамыз. Бүгін біз Көкшетау қаласында болып, сайлау үдерісін бақыладық», - деді ол.
Оның айтуынша, Германия делегаттары қосымша Қазақстанның бірқатар құзырлы органдармен кездескен. Ол жүздесулер Германияның солтүстік бөлігімен жаңа жобаларды іске асыру мақсатында болды.
«Бір жерден екінші жерге жету үшін көп уақыт алады. Германия мен Қазақстанды көп жылғы достық байланыстырады, сонымен қатар екі халық арасындағы сенімділік те үлкен маңызды рөл атқарады. Сенімділіктің арқасында біз саяси тұрғыда байланыстарды одан әрі дамытқымыз келеді. Болашақ қазір - Шығыста», - деп атап өтті ол.
«Бізге бүгін Қазақстанда болу және байқаушы ретінде қатысу үлкен қуаныш. Бізге мәселен қазақстандықтардың қанша пайызы сайлауға қатысқаны қызықтырады. Сайлауда ең жоғары мүмкіндік қазіргі Президенттің еншісінде деп ойлаймыз. Қазақстандықтарды жарқын болашақ пен тұрақты даму күтіп тұр», - деп түйді сөзін К.Штренс.