«Қазақстандықтардың 64 пайызы смартфондары арқылы интернетті пайдаланады. Сондықтан да біз электронды үкіметтің mGov мобильді қосымшасын дамытуға ерекше назар аударып отырмыз», - деді министр.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда mGov арқылы 87 қызмет пен сервисті ғана пайдалануға мүмкіндік бар. Сол себепті министрлік мобильді және веб-версиялардың қатар дамуына көңіл бөлуде.
«Бұл қосымшаны қазір 1,3 миллион азамат пайдаланып отыр. 2018 жылдың өзінде m-Gov арқылы 3,6 млн қызмет көрсетілген», - деді Дәурен Абаев.