«Сайлауалды әлеуметтік зерттеулерде біз саулдарды 2 мың респонденттен кем алмаймыз. «Еxit-poll» барысында кемінде 40 мың респонденттен пікір алынады. 2016 жылы қаңтар айында біз 2100 респонденттен жауап алып үлгердік. Оның ішінде 93,6 пайыз қазақстандықтар ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу бастамасын орынды деп есептейді және 97,2 пайызы Елбасының шешімін қолдайды деген мәліметтерді алдық.
Соның ішінде, негізгі қолдау себептерін алатын болсақ, халық парламентте және мәслихатта экономикалық мәселелерді шешу, қазіргі күнгі мақсаттарын түсінетін, іскер, сауатты, ел құндылықтарына берік азаматтар шығуын қалайды және Елбасының кезектен тыс парламенттік сайлауды өткізу туралы шешімімен толық келіседі.
Сайлау қиын кезеңде халықты біріктіреді. Сондықтан, меніңше, осы 2016 жылғы сайлау кезеңінде әлеуметтік зерттеулер де қоғамның өзінің негізгі қызметтерін атқарады», - деді ол.
Оның сөзі бойынша, бұл электоралдық процестерде әлеуметтік зерттеулер бірнеше қызмет атқарады. Соның ішінде, ең маңыздысы - бұл қоғамды ресми емес мәліметтермен таныстыру және электоралды динамиканы көрсетіп отыру.