Нақты ақшалай табыстар 6,7 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылғы мамырда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы қаласы және Маңғыстау облысы әлі де алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,3 -1,7 есеге артық.
2012 жылғы мамырда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді. Бұл өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейдің 61,2 және 76,3 пайызын құрады. Сонымен қатар, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында белгіленді.
2012 жылғы мамырда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,7 есені құрады (2011 жылғы мамырда - 3,8 есе).