Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін 400 қазақстандық қажылық парызын өтеу үшін Алматы әуежайынан Сауд Арабиясына ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қажы болу – оңай ғибадат емес. Бұдан дамаңызды мәселе – қажы болып өмір сүру. Қажы деген сөздің тағы бір мағынасыешқашан жамандықтарға жоламау дегенді білдіреді. Қажылық жасау рәсімдерісанаулы күндерде аяқталады. Ал «қажы» атанып қалу – өмір бойы жалғасады«,- деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбайқажы Ораз шығарып салу рәсімінде.


Бүгін Алматы әуежайынан 400-ге жуық адам парызынөтеуге жол тартты.

»Қажы болу – қажылық сапарынан соң тап-тазапарақты еш кірлетпеуге тырысу, ғибадатта қайратты болу, үлгілі мұсылман болу,жасаған тәубені қайта бұзбау, уәдеге адал болып, сөздің үдесінен шығу дегенсөз...«, - деді ол.

Еске сала кетсек, биыл елімізден 3200адам қажылық парызын өтемек.

Соңғы жаңалықтар